Тоқаев Швейцария Ұлттық банкінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Ұлттық банкінің басқарушылар кеңесі төрағасы Мартин Шлегельді қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар Қазақстан мен Швейцария Ұлттық банкі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылаған.
Президент швейцариялық мамандардың Қазақстан Ұлттық банкінің тәуекелдерді басқару және төлем жүйелері бойынша техникалық көмек көрсететудегі қызметін жоғары бағалаған.
Ал Шлегель Қазақстан мен Швейцарияның ұлттық банктері ақша-кредит саясаты және цифрлық қаржы салалары бойынша өзара диалог жолға қойылғанын және екі ел ретеушілерінің бұл саладағы ықпалдастық аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізген.
«Сонымен қатар әңгімелесу барысында валюта нарығын нығайту, ұлттық валюталарға сенімді күшейту шаралары және цифрлық активтерді дамыту мәселелері қарастырылды», – делінген Ақорда хабарламасында.