Алматының екі ауданында жол жабылады

Алматының екі ауданында 1965-1984 жылдары пайдалануға берілген құбырларды ауыстыру үшін жол жүру уақытша шектелмек.
«Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасып жатыр. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады», – делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.
Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, 2025 жылы 11 шілде сағат 22:00-ден 14 шілде сағат 06:00-ге дейін Наурызбай ауданында – Райымбек даңғылынан Базарбай Жуманиязов көшесіне дейін – Әшімов көшесінде 521 метр құбыр ауыстырылады.
Ал Түрксіб ауданында – Сүйінбай даңғылынан Майлин көшесіне дейін -Бекмаханов көшесінде 2 шақырым жылу желісі ауыстырылады.
Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Әкімдіктің хабарлауынша, биыл пайдалануға 1965 және 1984 жылдары берілген жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр.