Қазақстанда жасанды интеллект зертханасы ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашу туралы меморандумға қол қойылды / фото: KursivMedia мұрағаты
Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашу туралы меморандумға қол қойылды / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстанда жасанды интеллект зертханасы ашылады. Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық аясында іске аспақ.

Vecher ақпаратына қарағанда, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Қытайдың Чжэцзян провинциясынан келген делегация ғылыми ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді. Екі жақ жоғары технологияларды трансферлеу, зерттеу жобаларын жүргізу және инновациялық инфрақұрылым құру жөніндегі бастамаларды талқылады.

Кездесуге Чжэцзян провинциясының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының басшылары, қазақстандық академиктер, ғалымдар және бизнес өкілдері қатысты.

Басты назар цифрлық экономика, жасанды интеллект, логистика, геоақпарат, агротехнология және тұрақты даму мәселелеріне аударылды. Алғашқы нақты қадам – Қазақстан Президенті жанындағы ҰҒА жанынан кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект зертханасын құру болды.

Бұл бастама «Қытай – Орталық Азия» саммитінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылып отыр. Сол жиында Президент Тоқаев 2026 жылды ғылыми интеграция жылы деп жариялаған еді.

Сапар аясында Чжэцзян технологиялық университеті мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті арасында Халықаралық кеңістікті-уақыттық жасанды интеллект институтын құру туралы меморандумға қол қойылды. Институт жыл сайын Орталық Азия елдерінен 60 студентті оқытатын қос дипломды бағдарламалар ұсынады.

Енді халықтың мәселесін шешу үшін әкімдер енді жасанды интеллект көмегіне жүгінбек.

Сондай-ақ оқыңыз