Жаңалықтар

Болашақ технологиясы: Samsung Galaxy Z Flip7 смартфонын таныстырды

Galaxy Z Flip7 жасанды интеллекттің шексіз мүмкіндіктерін ашады / фото: shuterstock
Galaxy Z Flip7 жасанды интеллектінің шексіз мүмкіндіктерін ашады / фото: shuterstock

Samsung Galaxy Z Flip7 смартфонын таныстырды. Бұл – ыңғайлы әрі көпфункционалды бүктелмелі ықшам смартфон.

Galaxy Z Flip7 жасанды интеллектімен жабдықталған және мультимодальды мүмкіндіктерге ие. Қалтаға оңай сыйып кетеді. Бірақ өте қуатты.

Смартфон Galaxy AI жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін, кең сыртқы Flex экранын, флагмандық камераны және ерекше танымал ультракомпакт дизайнын біріктіреді. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін интуитивті дауыс арқылы басқарудан бастап, селфи түсіруге арналған озық функцияларға дейін қамтылған.

Ауқымды әрі жарық экран

Flex экранның бетіне контент әдемі үйлеседі. Хабарламаларды жылдам жіберіп, сапалы селфи жасауға таптырмас мүмкіндік. Жарқын Flex экраны күн сәулесі тікелей түссе де, анық әрі қанық болып шығады.

4,1 дюймдік сыртқы Super AMOLED дисплей – Galaxy Z Flip модельдеріндегі ең үлкен сыртқы экран. Ол экранды ашпай-ақ көруге мүмкіндік береді.

 Galaxy Z Flip — ең жұқа әрі мықты құрылғы

Құрылғы шағын қалтаға немесе қолсөмкеге оңай салынады. Беріктігі сондай, соққы тисе де, құласа да, төтеп бере алады.

Салмағы небәрі 188 грамм. Бүктелген күйіндегі қалыңдығы – 13,7 мм.  Galaxy Z Flip7 —Galaxy Z Flip модельдерінің ішіндегі ең жіңішкесі.

Flex экраны мен артқы панелі Corning® Gorilla® Glass Victus® 2 әйнегімен қорғалған.

Қуаты мен өнімділігі

Жаңа Galaxy Z Flip7-дің үлкейтілген дисплей мен қуаты жоғары аккумуляторы бар. Ең үлкен батареяға ие болып отыр. 4300 мАч аккумулятормен жабдықталған. Бұл күнде қуаттап жүрмейсіз. Бір қуаттап қойсаңыз, 31 сағатқа дейін бейнежазба көруге мүмкіндік береді.

Смартфон арнайы Galaxy үшін жасалған ең жаңа 3 нм процессормен жұмыс істейді. Оның CPU, GPU және NPU компоненттері Galaxy Z Flip6-мен салыстырғанда әлдеқайда өнімді.

AI жасанды интеллектісі бар

Galaxy Z Flip7-да жетілдірілген Flex экраны мен интуитивті Galaxy AI жасанды интеллекті орналастырылған. Енді Flex экран арқылы дауыс арқылы іздеу, жауап алу және түрлі әрекеттерді орындауға болады.

Смартфон One UI 8 және Android 16 жүйелерінде жұмыс істейді. Күнделікті көптеген тапсырмалар енді тікелей Flex экранда орындалады. Бір қолмен оңай басқарылады. Galaxy Z Flip7 – сапарларда да, қарбалас жұмыс күнінде де сенімді әрі ақылды көмекшіге айналмақ.

Gemini Live Flex экранда

Енді пайдаланушылар Flex экранда дауыс арқылы ақпарат іздеп, түрлі тапсырмаларды орындай алады. Саяхат жоспарласаңыз Gemini Live Samsung Wallet қосымшасынан рейс туралы мәліметтерді көрсетеді. Әуежайға шығатын уақытқа еске салғыш орнатады. Межелі жердегі үздік мейрамханаларды ұсынады.  Жиналған ақпаратты Samsung Notes қосымшасына сақтап қояды.  

Жеке портрет студиясы

Galaxy Z Flip7 – Samsung тарихындағы ең үздік селфи-камераға ие болып отыр.  Жаңа ProVisual алгоритмі түсірілімді автоматты түрде жарыққа қарай бейімдейді. Айқын әрі анық кадр түсіреді. Экранды ашпай-ақ немесе штативсіз сапалы сурет түсіре аласыз.

50 МП кең бұрышты және 12 МП ультракең камера пейзаждар мен селфилерді жоғары сапада түсіруге мүмкіндік береді. Түнгі түсірілім режимі де бар.

Сатылымға шықты

Galaxy Z Flip7 9 шілдеден бастап нарықта сатыла бастайды. Негізгі модель үш түсте: қара, көк және маржан түстерінде ұсынылған. Flip7 FE моделі қара және ақ түстерде.

Samsung Care+ қызметі құрылғыны бұзылудан, жөндеуден немесе ауыстырудан сақтандырады.

Мұның алдында Samsung Galaxy S25 Edge жаңа смартфоны қашан шығатынын жазған едік.