Жаңалықтар

Трамп Мәскеуді бомбалауға уәде берген

Трамп Путинге "Мәскеуді бомбалап жоқ қыламын. Бұл менің таңдауым емес – міндетім» деп айтқан көрінеді / фото: shutterstock
Трамп Путинге «Мәскеуді бомбалап жоқ қыламын. Бұл менің таңдауым емес – міндетім» деп айтқан көрінеді / фото: shutterstock

Трамп Мәскеуді бомбалауға уәде берген. Бұл туралы АҚШ президенті 2024 жылы демеушілердің жасырын кездесуінде мәлімдеген.

СNN ақпаратына қарағанда, Трамп Ресей мен Қытайға әскери сипаттағы қоқан-лоққы жасаған. Бұл әңгімесін Украинаға шабуылын тоқтату мақсатымен, Ресей президенті Владимир Путинге айтқан.

Сонымен қатар, Дональлд Трамп Тайванға басып кірсе, Бейжіңді де бомба астына алатынын ескертіпті.

Трамптың сөзіне қарағанда, ол Путинге:

«Егер Украинаға басып кірсеңдер, мен Мәскеуді бомбалап жоқ қыламын. Бұл менің таңдауым емес – міндетім» деген.

Трамптың айтуынша, Путин бұған бастапқыда күмәнмен қарапты. Десе де, «10 пайыз сенді» деп тұжырымдайды АҚШ президенті.

Трамптың сөзіне сенсек, ол Си Цзиньпинге де осындай ескерту жасаған.

«Егер Тайваньға қол сұқсаңдар, Пекинді де бомбылаймыз», – деп қадап айтқан.

Си бұған «есінен адасқан шығар» деп реакция білдірген екен. Алайда Трамптың пайымдауынша, Қытай басшысы да «10 пайыз сенген».

CNN бұл мәліметтерді өзінің иелігіндегі аудиожазбаға сүйеніп таратқан. Және ондағы дауыс Трамптың дауысына қатты ұқсайды. Трамп штабы бұл жазбаларға түсініктеме беруден бас тартқан.

Мұның алдында Тоқаев Трамптың кедендік баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды.