
Украинаны қалпына келтіру мен жаңғыртуға 14 жыл және 1 трлн доллар қажет. Мұны Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль айтты.
Униан ақпаратына қарағанда, ол бұл деректерді Римде өткен қалпына келтіру жөніндегі конференцияда жария еткен.
Жоспарға сәйкес екі қор құру ұсынылып отыр.
Бірі – 540 миллиард долларлық қор. Ол Ресей активтерін тәркілеу және Ресейден экспортталатын шикізатқа арнайы салық енгізу есебінен құрылады.
Екіншісі – 460 миллиард долларлық қор. Бұл Еуропаның жекеменшік секторының украиналық өндірістерге инвестиция салуына арналған платформа болмақ.
Айта кететін жайт, АҚШ Украинаға қару жеткізуді қайта бастайды.