
2026 жылдан бастап туристер Emirates әуе компаниясының рейстеріне билетті криптовалюта арқылы сатып алуға болады. Тура солай Dubai Duty Free дүкендеріндегі тауарларды да крипто арқылы сатып алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы әуе тасымалдаушының сайтында жазылған.
Криптовалюта арқылы төлем жасау мүмкіндігі барлық бағыттағы рейстерге қолжетімді болады, яғни сіз қай елден ұшқаныңызға қарамастан қолдана аласыз.
Билетті криптовалюта арқылы сатып алу Crypto.com Pay платформасы арқылы жүзеге асады. Компания бұл процестің қауіпсіз әрі қарапайым болатынын уәде етті. Сонымен қатар, Emirates туристерге жаңа төлем тәсілін қалай қолдану керегін түсіндіру үшін арнайы жарнамалық кампания бастамақ.
Emirates Алматыдан Дубайға тікелей рейстер орындайды. Ұшақтар күн сайын қатынайды. Жол ұзақтығы — 5 сағат 40 минут. Барлық рейстерді Flydubai әуе компаниясы орындайды.
Криптоны Қазақстанда да пайдалануға болады. Жақында Halyk Bank, ForteBank, Freedom Bank, Bank RBK және Altyn Bank криптокарта ашу туралы жобаны іске қосты.