Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет жүк тасымалдайтын дрондарға сертификат берілді

жүк тасымалдайтын дрондар
Фото: freedomlabs.kz

Қазақстанда алғаш рет жүк тасымалдаушы дронға сертификат берілді. Жобаны Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов пен кәсіпкер Алексей Ли қолға алған еді.

«Біз Қазақстанда алғаш рет жүк тасымалдайтын ұшқышсыз ұшу аппаратына сәйкестік сертификатын алдық. Бұл біз үшін жай ғана формалдылық емес, дронмен жеткізу қызметін заңдастыру мен кеңейту жолындағы маңызды қадам», – деп жазды Алексей Ли.

Оның айтуынша, бұл сертификат «біздің техниканың қауіпсіздік талаптарына сай екенін және нақты жағдайда қолдануға жарамды екенін» көрсетеді. Қазір дрондар қызметімен айналысатын зертхана командасы жеткізу маршруттарын жасап, логистикалық инфрақұрылым құруды ретке келтіріп жатыр.

Жүк тасымалдайтын дрондарды басқару 3-санаттағы сертификаттарға (бір түрдегі «жүргізуші куәлігіне») жатады. Бірақ, әзірге, Қазақстанда мұндай куәлік алуға арналған қолжетімді практикалық курстар жоқ.

«2025 жылдың ақпанына дейін Қазақстанда жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерін басқаруға үйретілген және сертификатталған операторлар болмаған. Freedom X зертханасы Азаматтық авиация академиясымен бірлесіп, мұндай алғашқы операторларды оқытып, дайындап жатыр», – деді Алексей Ли.

Freedom X зертханасы дрон арқылы түрлі тауарларды жеткізуге болады:

  • Ауылдарға және қала маңына қажетті тауарларды жеткізу
  • Қаланың жеке секторындағы үйлерге жеткізу (мысалы, 15 минутта пицца)
  • Арнайы алаңқайлардағы тапсырыс беру және алу пункттері арқылы жеткізу
  • Жол үстінде немесе ашық далада шұғыл жеткізу (анафилактикалық шок, күйік немесе жүрек тоқтауы сияқты жағдайда жылдам медициналық көмекке)

Freedom X зертханасы туралы алғаш рет 2025 жылдың мамыр соңында белгілі болды. Алексей Ли бұл жобаға Турловтың Freedom компаниясы инвестиция салуды жоспарлап отырғанын айтқан.

Тимур Турлов – Қазақстандаңы ең бай бизнесмен. Оған тиесілі Freedom Holding Corp. холдингі 2019 жылы ол NASDAQ биржасына шықты. 2025 жылы компания құны 9 млрд доллардан асты.