Жаңалықтар

Әлиев пен Пашинян Абу-Дабиде келіссөз жүргізіп жатыр (видео)

Армения және Әзербайжан президенттері БАӘ-де келіссөз жүргізіп жатыр / фото: president.az
Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян БАӘ-де келіссөз жүргізіп жатыр / фото: president.az

Армения президенті Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Абу-Даби қаласында келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы екі елдің ресми сайттары хабарлады.

Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі келіссөз басталғанын мәлімдеп, бірнеше сурет жариялады. Солардың бірінде көрші екі елдің президенттері қол алысып тұр.

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында бейбіт келіссөз жүріп жатқанын Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян да растады. Жергілікті Armenpress басылымы Абу-Дабидегі келіссөздерден видео жариялады.

Աբու Դաբիում մեկնարկել է Փաշինյան֊Ալիև հանդիպումը

Абу-Дабидегі келіссөздер барысында екі ел бейбіт келісімге отыруға тырысады. Армения мен Әзербайжанның осы мәселе бойынша келіссөз жүргізіп жатқанына бірнеше жыл болды.

Бейбіт келісім әзірге жарияланған жоқ. Бірақ құжаттың 17 ережеден тұратыны мәлім. Онда Армения мен Әзербайжан бір-бірінің аумағының тұтастығын, шекарасының беріктігін мойындайды. Бейбіт келісімге отырса, біраздан бері өштесіп келе жатқан екі ел шекарасын шегендеуге кіріседі.