
Nvidia компаниясының нарықтағы құны 4 трлн доллардан асты. Бұған дейін мұндай жетістікке бүкіл әлемдегі ешбір компания жеткен емес. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Микрочип дайындаумен айналысатын Nvidia акцияларының құны 2,5%-ға өсіп, 164 долларға дейін өсті. Себебі әлемде жасанды интеллект саласына қажетті технологияға сұраныс жоғары.
Компанияның нарықтағы құны алғаш рет 2023 жылғы маусымда 1 трлн долларға жеткен. Сол кезде Nvidia бір жылдан аз уақыттың ішінде капиталын екі есе өсіре алған. Мұндай жетістікпен Apple, Microsoft секілді гиганттар да мақтана алмайды.
Microsoft капиталы жөнінен әлемдегі екінші компания — 3,75 трлн доллар. Оның акциясы шамамен 500 доллар тұрады.
2025 жылғы сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп әлемде сауда соғысын бастаған уақыта Nvidia акциялары шамамен 74%-ға өскен.
Биыл алғашқы тоқсанда компания түсімі 44,1 млрд доллар болды. Ал екінші тоқсанда мұндай көрсеткішті 45 млрд долларға жеткізуді көздейді. Қаржы есебі 27 тамызда жарияланады.