Қазақcтандықтар Қырғызстанның жоғары оқу орындарына тегін түсе алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Гранттар үш бағыт бойынша бөлінеді / Фото:  kursiv.media архиві

Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындары Қазақстан азаматтарына 10 білім грантын ұсынып отыр. Бұл жайлы «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай мүмкіндік Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында беріліп отыр. Грантқа үміткер болу талаптары — ашық әрі қолжетімді.

Гранттар үш бағыт бойынша бөлінеді:

Техникалық мамандықтар — 4 орын:

  • 2 — бакалавриат
  • 2 — магистратура

Медицина саласы — 3 орын:

  • жоғарғы арнайы білім немесе ординатура

Гуманитарлық және экономикалық мамандықтар — 3 орын:

  • 2 — бакалавриат
  • 1 — магистратура

«Оқу орыс және қырғыз тілдерінде жүргізіледі. Сондықтан тілдік кедергі оқу үшін қиындық туғызбайды. Жол жүру, тұру, тамақ және жеке шығындарды студент өзі төлейді. Дегенмен, бұл ақылы шетелдік оқу орындарымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді «, — делінген баспасөз хабарламасында.

Грантқа құжат тапсыру мерзімі — 2025 жылғы 15 шілдеге дейін жалғасады.

айта кетейік, шетел университеттерінің Қазақстандағы филиалдары есігін айқара ашады. Баклавриат, магистратура және доктарантураға да түсуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз