Тауға кетіп оралмаған 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Жарияланды

Алматыда 18 жастағы Нұрислам Ақылбековтің мәйіті табылды. Ол 2 шілдеде тауға кетіп, содан бері хабар-ошарсыз болған.
Алматы полициясының хабарлауынша, жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ.
Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тауға кеткен Нұрислам Ақылбеков бір аптадан бері табылмай жатқаны хабарланды.