Жаңалықтар

Балалардың терезеден құлауы жиілегеннен кейін ТЖМ мәлімдеме жасады

Балалардың терезеден құлауы жиілегеннен кейін ТЖМ мәлімдеме жасады/Фото: shutterstock

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау оқиғаларына байланысты алаңдаушылық білдіріп, ескерту жариялады.

Министрлік бала терезеден құлаған барлық дерлік жағдайда балалар қараусыз қалып, терезені өзі ашқан.

«Әдетте трагедиялар бала оның салмағын көтере алмайтын москит торына сүйенген кезде болады. Бұл – ересектердің салғырттығының қайғылы салдары», – дейді Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің бас маманы Бексұлтан-Али Рахымбаев.

ТЖМ негізгі тәуекел тобына 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жататынын ескертіп, барлық ата-аналар мен заңды өкілдерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:

  • «- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
  • – москит торына сенбеңіздер — ол баланы ұстап қала алмайды;
  • – терезелерге арнайы құлыптар мен блокаторларды орнатыңыздар;
  • – бала терезе алдына өрмелеп шықпау үшін жиһаздарды терезеге жақын қоймаңыздар.
  •   Әрбір осындай оқиға – трагедия, оның алдын алуға болады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін бір күнде Астанада екі бала, Шымкентте бір бала терезеден құлап қаза тапқан.

Министрлік осыдан кейін көпқабатты үйлердің терезелеріне тегін құлып орната бастады.