Техаста су тасқынынан қаза тапқандар саны 121-ге жетті

Орталық Техастағы жойқын су тасқынынан кейін кемінде 121 адам қаза тапты, 160 адам із-түссіз жоғалғандар сапында. CNN төтенше жағдайдан кейін ел арасында құлақтандыру жүйелерінің жұмысына қатысты алаңдаушылық артқанын жазды.
Арнайы сессия
Техас губернаторы Грег Эбботт ай соңында өтетін Техас заң шығарушы органының арнайы сессиясының күн тәртібін бекітетін жарлық шығарды. Күн тәртібіндегі басты мәселе – су тасқынына дайындыққа ден қою. Сессияда су тасқыны туралы ескерту жүйелері, төтенше байланыс және зардап шеккендерге көмек көрсетуді қаржыландыру секілді тақырыптар қаралмақ.
Сирена орнату туралы үндеу
Техастың Керр округінде ескерту сиреналарын орнатуды талап еткен онлайн-петицияға 40 000-ға жуық адам қол қойған. Техастың Хьюстон өңірінен сайланған республикалық сенатор Пол Беттенкур штатқа жергілікті округтерде төтенше жағдай сиреналарын орнатуға рұқсат беретін заң жобасын ұсынбақ.
Керр округінде соңғы жылдары ауқымды ескерту жүйесін орнатуға арналған көптеген әрекеттер бюджет тапшылығы мен шуға қатысты шағымдарға байланысты жүзеге аспаған. 2017 жылы округ пен өзен басқармасы жаңа ескерту жүйесін орнатуға FEMA-дан 980 000 доллар көлемінде қаржыландыру сұраған, бірақ бұл өтініш қабылданбаған,
Бір апта бұрын АҚШ-тың Техас штатында қалың жаңбырдан кейін болған су тасқынынан жоғалғандарды іздеуде Техас Ұлттық гвардиясы әскери мақсаттағы дрондарды қолданып жатыр.