Қазақстан үкіметі Ислам даму банкінен 1,1 млрд доллар қарыз алады

Қазақстан үкіметі Ислам даму банкінен 1,1 млрд долларға дейін несие алады. Бүгін премьер-министрінің кеңесшісі Нұрлан Байбазаровтың Ислам даму банкінің (ИДБ) президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Джассермен кездесуінде осындай келісімге қол қойылды.
Бұл қаражат индустриялық аймақтардағы инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталады. Оның аясында елде 1,6 трлн теңгеден астам инвестиция келіп, 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.
Бұл келісім аясында тараптар жалпы сомасы 8 млрд доллардан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру ниетін растады.
Бұған дейін Ислам даму банкі елдегі су ресурстарын дамыту жобасы үшін 1,15 млрд сомасында несие берген еді. Бұл – банк тарихындағы ең ірі қарыз. Қаражат жалпы ұзындығы 3 618 шақырым болатын 8 су қоймасын салуға және жаңартуға, сондай-ақ 115 суару каналын жаңғыртуға жұмсалады.