Жаңалықтар

Лос-Анджелестегі «Даңқ аллеясында» қазақ боксшысының есімі жазылды

Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелестегі "жұлдызды сәтін
Санжар Тәшкенбай Лос-Анджелестегі «жұлдызды сәтін» көрсетті / фото: tashkenbay_sanzhar

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, боксшы Санжар Тәшкенбай АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында түскен фотоларымен бөлісті.

Спортшы әйгілі «Даңқ аллеясында» түскен суреттерін жариялап, бокс аңызы Мұхаммед Әлидің аты жазылған жұлдыз жанында естелікке суретке түсті. Сонымен қатар Санжар өз есімі жазылған жұлдызды да көрсетті. Алайда бұл Голливудтың Сауда палатасы ұсынған ресми жұлдыз емес, кез келген турист тапсырыс бере алатын уақытша жұлдыз ғана.

Фотолар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды. Жанкүйерлер жас боксшының болашағынан үлкен үміт күтіп, шынайы жұлдыз ретінде танылуына тілектерін жазып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін өз кәсібі бар боксшылар туралы жазған едік.