Аурухана есепшісі керуеттерді үш есе қымбат бағамен сатып алып отырған

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
фото: ашық дереккөзден

Қызылордада облыстық аурухана есепшісі керуеттерді үш есе қымбат бағамен сатып алып отырған. Нәтижесінде мемлекетке 129 млн теңге көлемінде шығын келді деп хабарлайды Қаржылай мониторинг агенттігінен.

Аурухананың бас есепшісі мемлекеттік сатып алу жасағанда, бағаны тым жоғары көтеріп қойған. Ал жалған бағаны дайындауға жұбайы көмектескен.

Өткізілген тендердің нәтижесінде ЖШС мен аурухана арасында жалпы құны 259 млн теңгеге 220 медициналық кереует сатып алуға шарт жасалған. Бір кереуеттің бағасы 1,2 миллион теңге деп көрсетілген.Бірақ шын мәнінде оның нақты сатып алу бағасы 460 мың теңгеден аспаған, яғни көрсетілген бағадан үш есе арзан болған», – деп жазылған хабарламада.

Қазір бас есепші 2 ай мерзімге қамауға алынды. Күдіктілердің 111 млн теңге тұратын мүлкіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Бұған дейін Алматы облысында 750 млн теңгеге алаяқтық жасаған шенеунік ұсталған еді. Ол жер қатынастары саласында алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылды. Мемлекетке 1 млрд теңгеден аса зиян келтірген.  

Сондай-ақ оқыңыз