Қазақстанның ірі қалаларында найзағай ойнап, бұршақ жауады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
11 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады / фото: shutterstock
11 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауады / фото: shutterstock

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 11 шілдеде Астана қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Алматы қаласында да бүгін найзағай ойнайды. Ал Шымкентте 11-13 шілдеде өрт шығу қаупі жоғары.

Бұған қоса, министрлік Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті.

  • 11-13, 16-20  шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С, облыстың оңтүстігінде +42°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.
  • 11-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау  облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.
  • 11-13, 17-22  шілдеде Ақтөбе  облысында ауа температурасы  күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.
  • 11-13, 17-22  шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін көтеріледі. Өрт қаупі жоғары.

11 шілдеде Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр жауады. Сонымен бірге Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай өңірлерінде де найзағай ойнап, бұршақ түседі.

Сондай-ақ оқыңыз