Жаңалықтар

Омарханов Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақ теннисшісі Әмір Омарханов Уимблдонда 1/4 финалға өтті / фото: wimbledon.com
Қазақ теннисшісі Әмір Омарханов Уимблдонда 1/2 финалға өтті / фото: wimbledon.com

Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты. 17 жастағы қазақ спортшысы мен ресейлік Егор Плешивцев жұбы бейсенбі күні ширек финалда жеңіске жетті.

Әмір мен Егор жастар арасындағы турнирде Криш Тьяги/Доиг Коннор жұбын екі сетте ұтты. Матч 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.

Енді Омарханов/Плешивцев финалға өту үшін Оскари Пальданиус/Алан Вазный жұбымен кездеседі. Ойын жұма, 11 шілдеде Астана уақытымен сағат 18.30-да басталады.

Уимблдон-2025 ірі турнирінде Қазақстаннан жалғыз Әмір Омарханов қана қалды. Қалған теннисшілер жарыс жолын ерте аяқтаған.