Жаңалықтар

Демалушылар мен кәсіпкерлердің де Алакөлге қатысты сыны көбейді

Алакөл курорттық аймағына қатысты сын көбейді / Фото: kursiv.media архиві

Алакөл курорттық аймағы туристер ағынын еңсере алмай отыр, ал кәсіпкерлер жарықтың өшуі, байланыс сапасының нашарлығы және жолдардың тозығы жеткеніне шағымдануда. Осылай деп мәлімдеген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан туризмінің мәселелері әлі де өзекті екенін айтады.

Байланыс нашар, жарық жиі сөнеді

Аталған мәселе әсіресе Алакөл көлі маңында айқын байқалады. Маусым басталғалы бері электр энергиясының жиі өшуі мен интернет сапасының тұрақсыздығы тіркелген.

«Маусым айының басында кенеттен электр қуаты өшіп, құрал-жабдықтардың зақымдануына әкеліп соқтырған курорттық аймақтарда электр қуатының үзілуі. Интернеттің қолжетімділігіне қарамастан, биылғы жылы Kcell және Activ операторларымен байланыс сапасы төмен болды, бұл туристерге қызмет көрсету деңгейін төмендетеді», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП.

Кәсіпкерлер палатасы көшелерді жарықтандыру жеткіліксіз деңгейде екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ішкі жолдарды жөндеу, қоқыстарды уақтылы шығару, ауыз су сапасының төмендігі сияқты мәселелердің толып жатқанын  атап өтті. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құтқарушылардың болуы, су көлігін реттеу мәселсі де толық шешім таппаған.

«Атамекен» палатасының мәліметінше, туризмді дамыту жөніндегі жол картасы 2026 жылға дейін ұзартылған, оған Алакөл де енгізілген. Алайда қаржыландыру көлемі қойылған міндеттерге сай емес.

«Оңтүстік пен шығыс жағалауды байланыстыратын бірден-бір жол бағыты болып табылатын Жалаңашкөл арқылы өтетін 8 шақырым жолды жөндеу өзекті мәселе болып тұр, бірақ оған қаржы қарастырылмаған. Осыған байланысты кәсіпкерлер бұл учаскені кем дегенде уақытша толтырып, тегістеуді талап етеді, өйткені автотуристер мен демалыс орындарына өнім жеткізушілер осы жолдың бойымен тұрақты жүреді», – делінген палата хабарламасында.

Президент сыны

Бұған дейін ішкі туризмнің проблемаларын Мемлекет басшысы да көтерген еді. Тоқаев Алакөлде туристерді қабылдауға дұрыс жағдай жасалмағанын айтып, өңір әкімдерінің жұмысын сынға алды.