
12 шілде, сенбі күні Қазақстанның бір бөлігінде ыстық, ал бір бөлігінде жауын-шашын болады. Кей қалаларда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік пен батыс аймақтарда ыстық сақталады деп хабарлайды Қазгидрометтен.
Астанада күн бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +12–14°, күндіз +22–24°.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын жоқ. Солтүстік-шығыс желі 3–8 м/с. Түнде +13–15°, күндіз +29–31°.
Шымкент – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с. Түнде +18–20°, күндіз +35–37°.
Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік жел 7–12 м/с. Түнде +19–21°, күндіз +33–35°.
Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел оңтүстік-шығысқа ауысады, 5–10 м/с. Түнде +23–25°, күндіз +35–37°.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с. Түнде +26–28°, күндіз +37–39°.
Жезқазған – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс жел 6–11 м/с. Түнде +20–22°, күндіз +32–34°.
Қарағанды – күн бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс және батыс желі 7–12 м/с. Түнде +16–18°, күндіз +25–27°
Көкшетау – күн бұлтты, кей кездері жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +13–15°, күндіз +20–22°.
Қонаев – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 9–14 м/с. Түнде +13–15°, күндіз +31–33°.
Қостанай – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс жел 9–14 м/с. Түнде +14–16°, күндіз +25–27°.
Қызылорда – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 9–14 м/с. Түнде +20–22°, күндіз +37–39°.
Павлодар – күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Батыс жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +16–18°, күндіз +23–25°.
Петропавл – күн бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыс жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +14–16°, күндіз +19–21°.
Семей – күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыс жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +13–15°, күндіз +28–30°.
Талдықорған – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс жел 7–12 м/с. Түнде +11–13°, күндіз +30–32°.
Тараз – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 9–14 м/с. Түнде +14–16°, күндіз +32–34°.
Түркістан – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 8–13 м/с. Түнде +19–21°, күндіз +36–38°.
Орал – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 3–8 м/с. Түнде +22–24°, күндіз +36–38°.
Өскемен – күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыс жел 5–10 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +13–15°, күндіз +26–28°.