Қайрат Нұртас пен Артур Асқар: тойды тікелей эфирде өткізу трендке айналды ма?

Жарияланды 12 Шілде 2025 18:24

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: әлеуметтік желіден скрин

«Archibaaalt» деген лақап атпен танымал блогер Артур Асқарұлы тойын тікелей эфирде көрсетпекші. Екі жастың мерекесі 13 шілдеде Алматыда өтеді.

«Біз жазылушыларымыздың бірін тойға шақырғымыз келді. Бірақ ешкімді ренжітпес үшін барлығыңызға арнап тікелей эфир ұйымдастырамыз», – деп жазды ол парақшасында.

Тойды көру үшін Twitch қосымшасын жүктеу керек. Ешқандай ақы қажет емес, барлығын стримде тегін тамашалауға болады. Артудың сөзінше, эфирді жүргізіп отыратын жүргізушілер де жалдаған, әзірге олардың кім екені белгісіз.

Артур Асқарұлы – белгілі жүргізуші Гүлмира Дайрабайдың үлкен ұлы. Ол былтыр қалыңдығымен мұсылманша некесін қиған еді.

Жаңа тренд басталды ма?

Тойын тікелей эфирден өткізуді жұлдыздар арасында жаңа тренд десек те болады. Алғашқылардың бірі ретінде Сәкен Майғазиев бастады. Ол ұлы Әділеттің үйлену тойын телеграм арқылы тікелей эфирден өткізді, ал оған тіркел құны 1380 теңге болды.

Эфирді тамашалауға 7 мыңнан аса адам жиналды, алдын-ала есеп бойынша бес сағаттық шарадан ұйымдастырушыларға 10 мн теңге көлемінде табыс түскен.

Осыдан кейін Қайрат Нұртас концерттерінің тікелей эфирін 990 теңгеге сата бастады.

Бастапқыда желі қолданушылар тойын тікелей эфирді өткізуді құптамай, Майғазиевтің бастамасын әбден сынға алған еді. Бірақ байқағанымыздай бұл жұлдыздар арасындағы табыс табудың жаңа көзіне айналғандай.

Сондай-ақ оқыңыз