Жапон азаматы сүйіктісіне GPS саяхаты арқылы ұсыныс жасады

Жарияланды 12 Шілде 2025 11:45

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Фото: Ясуси Такахаси GPS-нен скрин

Жапониялық Ясуси Такахаси сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасау үшін 7163 шақырымнан астам жол жүріп, таңғажайып саяхат жасады. Ол тұрмысқа шығу жайлы ұсынысын GPS-сурет арқылы жеткізді.

Алты ай бойы Ясуси Жапонияны аралап, өз маршрутын GPS көмегімен белгілеп отырды. Нәтижесінде картада «Маған тұрмысқа шықшы» деген жазу мен жүрек пен жүзік бейнесі пайда болды.

Ол бұл жолды негізінен жаяу жүріп өтті, бірақ кейде көлік, паром және велосипедті де пайдаланған. Үйіне оралған соң, маршрут деректерін Google Maps-қа жүктеп, нәтижесін көрсетті.

Бұл ерекше бастама әлемдегі ең үлкен GPS-сурет ретінде мойындалып, Гиннес рекордтар кітабына енді.

Ясуси Такахаси тәрізді жалғыз саяхаттауды соло-саяхат дейді. Оның артықшылығы мен кемшілігі жайлы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз