«Энергиям бар». Ерке Есмахан киімдерін сатып жатыр

Жарияланды 13 Шілде 2025 15:17

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
"Энергиям бар". Ерке Есмахан киімдерін сатып жатыр
«Энергиям бар». Ерке Есмахан киімдерін сатып жатыр/Фото: Ерке Есмаханның парақшасынан

Белгілі әнші Ерке Есмахан киімдерін сатып жатқанын айтты. Ол үшін арнайы жеке парақша ашылған.

«Естімедім демеңіздер. Менің энергиям бар әдемі киімдер осы парақшада арзан бағада сатылады», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Парақша @erke_razgruzka2025 деп аталады.

Әнші алғашқы көйлегін сатып үлгерген. Өзіне арнап тігілген S көлемді қызыл көйлек 60 мың теңгеге өткен. Сөзінше, киімдері 1 минутқа жетпей, тіпті 18, 30 секундта сатылып жатыр.

Әнші оқырмандарынан киім бойынша өзіне хабарласпауды, сатылатын заттар сториске шығатынын айтады.

Бұған дейін белгілі өнер иелері мен блогерлер арасында той, концерттен онлайн трансляция ұйымдастыру үрдісі сәнге айналып бара жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз