Жаңалықтар

ТЖМ жедел тобы Букреев шыңында баланы құтқарды

ТЖМ жедел тобы Букреев шыңында баланы құтқарды
ТЖМ жедел тобы Букреев шыңында баланы құтқарды/shutterstock

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы тауда жағдайы нашарлаған балаға шұғыл жетіп, төменге түсірді.

Оқиғаның мән-жайы

Түнде теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі Букреев шыңына шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны, солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шыққан. Құтқарушылар қиын әрі қолжетімсіз Бутаков шатқалы арқылы өтіп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілген.

Туристер маршрут бойынан табылған. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсірген.

Бұған дейін, тауға кеткен 18 жастағы жігіт жоғалып, құтқарушылар бір аптадан кейін денесін тапқан болатын.