Жаңалықтар

Израиль шабуылы кезінде Иран президенті қаза бола жаздаған

Израиль шабуылы кезінде Иран президенті қаза бола жаздаған
Израиль шабуылы кезінде Иран президенті қаза бола жаздаған/Фото: Reuters

Иран президенті Масуд Пезешкиан Израильдің шабуылы салдарынан қаза бола жаздады,деп хабарлады ирандық Fars басылымы.

Агенттік мәліметінше, соғыс басталғаннан үш күн өткен соң, 16 маусымда Израиль әскери-әуе күштері Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы кеңесіне қатысты ғимаратқа соққы жасаған.

Бомбалау салдарынан электр қуаты өшіп, шұғыл жиналысқа қатысып отырғандардың барлығына, соның ішінде Пезешкианға да дереу эвакуациялануға тура келген. Бірнеше адам, соның ішінде президенттің өзі де, аяқ жарақатын алған.

Пезешкианның айтуынша, бұл оқиға Иран арнайы қызметтері ақпараттың сыртқа шығарумен байланысты болуы мүмкін. Fars Иран ішінде «жіберілген агент» нұсқасы талқыланып жатқанын жазды.

Иран БАҚ-тарында шабуылдан кейінгі Таегеранның батысындағы тау беткейіне жасалған соққы көрінетін видео жарияланды. Аталған кешен дәл осы жерде орналасқан.

Израиль жағы әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Израиль-Иран жанжалы 13 маусым күні таңертең Израиль Иран аумағындағы ядролық және әскери нысандарға соққы жасағаннан кейін басталған. Осыдан кейін қос тарап бір-біріне соққы жасауды жалғастырды. 22 маусымға қараған түні АҚШ Иранның ядролық инфрақұрылымдарына ауыр әуе шабуылын ұйымдастырып, осыдан кейін 12 күнге созылған қақтығыс тоқтаған.

Кейін Иран ядролық нысандарына АҚШ шабуылынан үлкен зақым келгенін жеткізген. Axios басылымы Иран ядролық бағдарламасын жандандырса, Израиль қайта шабуыл жасайтынын жөнінде ақпарат таратқан.