Жаңалықтар

Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады/shutterstock

Қазгидрометтің мәліметі бойынша 13 шілде күні елдің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы болады, кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Астана – +21…+23°C, бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіліп отыр.

Алматы – +30…+32°C, бұлтты, жауын-шашынсыз.

Шымкент – +36…+38°C, бұлтты, жауын-шашынсыз.

Облыстар бойынша

Абай облысы – +20…+25°C, оңтүстігінде +30°C, жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Алматы облысы – +29…+34°C, таулы аймақтарда +18…+23°C, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысы – +20…+25°C, оңтүстігінде +28°C, жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Ақтөбе облысы – +30…+35°C, оңтүстігінде +38°C, жауын-шашынсыз.

Атырау облысы – +34…+39°C, жаңбыр, найзағай, дауыл (солтүстік пен батыста), оңтүстікте аздаған жаңбыр.

Шығыс Қазақстан облысы – +21…+26°C, оңтүстігінде +30°C, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Жамбыл облысы – +32…+37°C, таулы аймақтарда +28°C, таулы аймақтарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жетісу облысы – +30…+35°C, оңтүстігінде +38°C, таулы аймақтарда +27°C, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысы – +30…+35°C, кей жерлерде +40°C, жаңбыр, найзағай, дауыл болжанып отыр.

Қарағанды облысы – +23…+28°C, оңтүстігінде +32°C, жауын-шашынсыз.

Қостанай облысы – +22…+27°C, оңтүстігінде +31°C, жауын жаумайды.

Қызылорда облысы – +35…+40°C, жауын-шашынсыз.

Маңғыстау облысы – +35…+40°C, оңтүстігінде +43°C, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысы – +21…+26°C, солтүстігінде жаңбыр, найзағай болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысы – +20…+25°C, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіліп отыр.

Түркістан облысы – +35…+40°C, таулы аймақтарда +32°C, жауын-шашынсыз.

Ұлытау облысы – +27…+32°C, оңтүстігінде +36°C, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялаған. Мамандардың сөзінше, ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес.