Бес жылдан кейін әрбір бесінші тауар онлайн сатылады

Жарияланды 14 Шілде 2025 09:50

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Онлайн сауда
Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы бес жылда Қазақстандағы онлайн сауда көлемі жеті есе ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті. Бұл елдегі жалпы сауда көлемінің 14,1%-ын құрайды. Алдағы уақытта e-commerce үлесі әлі де өсе түспек. Бұл жайлы Пәкістанда өткен «Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу» халықаралық саммитінде айтылды.

«Бізде жоғары цифрлық қолжетімділік, дамыған финтех-инфрақұрылым және 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушылар, яғни жастар бар. Біз 5 жылдан кейін әрбір бесінші сатып алу онлайн режимінде жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Ғалия-Бану Мейрбаева.

Мамандар сөзінше, сауда операцияларының көбейту үшін жасанды интеллект, виртуалды ассистент тәрізді цифрлық шешімдер енгізіледі. Қазірдің өзінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы, БҰҰ, ЕАЭО тәрізді халықаралық алаңдарда трансшекаралық сауданы оңайлату және қолайлы цифрлық орта құру бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр.

Ресми дерекке сүйенсек, 2024 жылы Қазақстандағы онлайн сайттар арқылы 152,5 млн тауарға тапсырыс берілген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға көп. Әрбір қазақстандық екі жыл бұрын интернет арқылы 6 тапсырыс жасаса, былтыр адам басына 7,6 тапсырыстан айналған.

Сондай-ақ оқыңыз