Жаңалықтар

Перизат Қайрат қазақстандықтар жинаған қаражатқа не сатып алған

Перизат Қайрат соты басталды/фото: Instagram

Перизат Қайраттың су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жиналған қаражатты қайда жұмсағаны айтылды.

Мемлекеттік айыптаушы Арман Кезекеннің сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған қаражаттың жалпы сомасы – 2,8 миллиард теңге.

Перизат Қайрат сатып алған заттар:

Rolex сағаты – 6,9 млн теңге;

«Akbulak Riviera» тұрғын үй кешеніндегі пәтер – 93 млн теңге;

Сол пәтердегі жөндеу жұмыстарына – 123 млн теңге;

«Highvill Gold Ishim» тұрғын үй кешеніндегі пәтер мен автотұрақты қолма-қол сатып алу – 205 млн теңге;

«Көк Жайлау 3» тұрғын үй кешеніндегі пәтер – 25,5 млн теңге;

Lexus LX 600 автокөлігі – 80,2 млн теңге;

Mercedes-Benz S 450 4MATIC – 77,2 млн теңге;

Автотұрақ орны – 6,6 млн теңге;

Vela Village коттедж қалашығындағы үй, құрылыс және жер телімі – 150 млн теңге;

Haval H6 GT автокөлігі – 13,5 млн теңге;

Зергерлік бұйымдар мен аксессуарлар – 158,2 млн теңге.

Жалпы алғанда 1 миллиард теңгеден астам қаражат заңдастырылып, ресми айналымға енгізілген. 920,2 млн теңге су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге жұмсалған.

1,9 миллиард теңге жеке мақсаттарға жұмсалған.