
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істе куә ретінде «Жас Отан» жастар қанатының бұрынғы волонтері Сергей Матюшенко қатысты. Ол «BizBirgemiz» қоғамдық қорының жиналысына қатысқан деп көрсетілген.
Куәден жауап алу барысында Сергей Матюшенко іс материалдарындағы екі хаттаманың біріне ғана қол қойғанын, екінші хаттамадағы өзінің қолы емес екенін айтты. Содан кейін сотталушы Перизат Қайрат куәге сұрақ қойды.
Перизат Қайрат: Сергей, сәлеметсіз бе. Сіз екінші хаттамаға шын мәнінде қол қоймағаныңызды растайсыз ба?
Сергей Матюшенко: Иә, рас, екінші хаттамаға қол қойған жоқпын.
Перизат Қайрат: Өтірік айтып тұрған жоқсың ба?
Сергей Матюшенко: Өтірік айтып тұрған жоқпын.
Перизат Қайрат: Қазір менің тағдырым шешіліп жатқанын түсінесің бе?
Сергей Матюшенко: Перизат, мен екінші хаттаманы өз көзіммен көрдім, ол жердегі менің қолым емес.
Перизат Қайрат сұрақтарды бірнеше рет қойғаннан кейін судья сотталушыға ескерту жасады.
«Сіз қазір куәға өз ойыңызды таңып отырсыз. Куәға қысым жасамаңыз. Егер сұрақтарды қайталап қойсаңыз, сот оларды алып тастайтын болады», – деді судья.
Содан кейін судья сотталушыға ескерту жасады.
«Сұрақ қойғаннан кейін куәнің жауабын тыңдаңыз. Мен мұны бұған дейін де түсіндірдім. Сіз өзіңізге ыңғайлы жауап алғыңыз келіп тұрғандай әсер қалдырды. Сот отырысының өз тәртібі бар. Куәнің шын не өтірік жауап беріп тұрғанын сот шешеді. Эмоцияға беріліп, дауыс көтерудің қажеті жоқ», – деді судья.
Айта кетейік, Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша айыптау актісі оқылды. Алайда ол өзіне тағылған айыпты мойындамай, айыптау актісін тергеушілердің қиялынан туған деп атады.