Жаңалықтар

Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады
Алдағы күндері 44 градусқа дейін ыстық болады/Фото: shutterstock

Қазгидромет 14-17 шілде күндеріне арналған ауа райы болжаным жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Алайда жекелеген аймақтарда қатты ыстық болады.

16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіліп отыр.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, ал солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз 16–17 шілдеде республиканың оңтүстік-батысында қатты ыстық – 39–44°С, 17 шілдеде орталықтың жекелеген аудандарында 40°С дейінгі ыстық болжанады.

Оңтүстікте 40–44°С, оңтүстік-шығыста 40–42°С, солтүстік өңірлерде 30–35°С, ал шығыста 35–38°С ыстық күтіледі.

Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрлігі жазда ыстықтан сақтану жолдары туралы ақпараттық жаднама жариялаған. Мамандардың сөзінше, ыстықтың өтуі күн өтуімен бірдей емес.