Өскеменде адасып кеткен зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Өскеменде адасып кеткен зейнеткер қалың көш арасына кіріп кеткен
Өскеменде адасып кеткен зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен/Фото: Видео кадры

Өскеменде адасып кеткен 71 жастағы жергілікті тұрғынды жарты күн іздеп, қалың шөп арасынан тапты.

Ол 12 шілде күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Туыстары өз бетінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полицияға жүгінген.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларына кіріседі. Іздеу барысында дрон пайдаланылған. Дрон операторы жерді әуеден шолып, патрульдік топтарға нақты координаттарды жеткізіп отырған.

13 шілде күні түнгі сағат бір кезінде зейнеткер қалың шөп арасына кіріп кеткен жерінен табылған. Ол адасып жүріп, үйге қайтар жолды таба алмаған.

Полиция қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.

Бұған дейін, Алматы облысында тауда адасып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылған.

Сондай-ақ оқыңыз