Жаңалықтар

Такси қызметінде танымал 8 млн теңгеге дейінгі қытай көліктері

Такси қызметінде танымал қытайдың 8 млн теңге дейінгі седандары
Такси қызметінде танымал 8 млн теңгеге дейінгі қытай көліктері/Фото: bitauto.com

Бүгінде такси қызметінде белгісіне қарап көпшілік тани бермейтін көліктер көбейді. Олардың дені қытай көліктері. Бүгін солардың ішіндегі бюджеттік нұсқаларға шолу жасауды жөн көрдік.

BYD Destroyer 05

Фото: shutterstock

Бүгінде сұр нарықтағы қытай көліктері ішіндегі танымал модельдердің бірі. 1,5 литрлік қозғалтқышпен жабдықталған гибридті автокөлік. 197 ат күшіне (147 кВт) ие. 100 км/сағ жылдамдыққа 7,3–7,9 секундта жетеді, ал ең жоғарғы жылдамдығы – 185 км/сағ. Трансмиссиясы – вариатор.  Тек электрмен жүріс қоры 55-120 км, толық зарядталған батарея мен бак толы бензинмен 1200 шақырым жүре алады. Жанармай шығыны 3,8 литр / 100 км.

Ішкі жабдықталуы мен технологиялар

  • Көпфункциялы дисплей: 8″ немесе 10.25″
  • Мультимедиа және навигация жүйесі
  • Сымсыз телефон зарядтау құрылғысы
  • Жолақты ұстау көмекшісі
  • Адаптивті круиз-бақылау
  • Климатты басқару жүйесі
  • Артқы көрініс камерасы
  • Тұраққа қоюға арналған сергектер

Бағасы 7,3 млн мен 8 млн теңгенің арасы.

BYD Qin Plus

Фото: Reuters

Техникалық сипаттамасы BYD Destroyer 05 моделіне ұқсас, платформалас тек ықшам модель. Басты айырмашылығы толық электрлі нұсқалары да бар. Мұның да бағасы сол шамада.

Hongqi E-QM5

Фото: shutterstock

Қолжетімді электромобиль. 136 ат күшіне (100 кВт) ие электрқозғалтқышпен жабдықталған. Толық қуатпен 431-ден 605 шақырымға дейін жүре алады.

Қауіпсіздік пен көмекші құралдары

  • Адаптивті круиз-бақылау
  • Қақтығыс туралы ескерту
  • Автоматты төтенше тежегіш
  • Жылдам зарядтау: жабдығына қарай 30 минутта 80% дейін қуаттай алады
  • 10,1 дюймдік мультимедиа экраны және аналогты құралдар панелі
  • Климат-бақылау жүйесі

Бұның да бағасы қолма-қол ақшаға 7,3 млн теңгеден басталады.

Chevrolet Monza

Фото: ru.m.wikipedia.org

Қытай көліктері арасындағы ішкі нарыққа арнап шығарылатын атмосфералық қозғалтқышпен жабдықталған шағын седан. Біздің нарыққа 1,5 литрлік қозғалтқыштармен, роботталған беріліс қорабымен жабдықталған нұсқалары көптеп келген.

Жиынтығына қарай тұрақтандыру жүйесі ESP, старт-стоп жүйесі, штаттық бейнетіркегіш, жарық пен жаңбыр сенсоры, айна жылытқышы, круиз-бақылау, сымсыз зарядтау құрылғысы, сондай-ақ әртүрлі қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде алдыңғы және бүйірлік қауіпсіздік жастықшалары, қауіпсіздік шторкалары, климат-бақылау жүйесі, орындықтарды жылыту сияқты опциялары бар.

Бағасы 7-7,7 млн теңге арасы.

Changan Alsvin

Фото: auto.ru

1,5 литрлік бензинді қозғалтқышпен жабдықталған ықшам седан, қуаты 98 ат күшіне тең. 5 сатылы автоматты беріліс қорабымен істейді.

Жинағына қарай круиз-бақылау, артқы көрініс камерасы, артқы тұрақ датчиктері, жарық сенсоры, сенсорлы экраны бар мультимедиялық жүйе, Bluetooth және Hands Free, люк, бүйірлік камера және Start-Stop жүйесі болуы мүмкін.

Бағасы 6 млн 700 мың теңгеден басталады.

Бұған дейін, қытай көліктеріне 5 жылдан кейін не болатыны туралы жазғанбыз.