Жаңалықтар

Банктер мен Қазпошта енді клиентті онлайнда биометрия арқылы тексереді

Банктер онлайнда биометрия арқылы тексеруі керек / Фото: shutterstock, бильд-редактор, Ахтам Зиперов

Енді банктер мен «Қазпошта» клиентпен қашықтан байланыс орнатқанда, оның жеке басын растау үшін биометрия пайдалануға міндетті. Бұл талап бұрын тек онлайн-кредит беру кезінде ғана міндеттелсе, енді кез келген қашықтағы операцияға қолданылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) биометриялық деректер мен екі факторлы идентификацияны міндеттейтін жаңа қаулы қабылдады.

Не өзгерді

ҚНРДА бекіткен жаңа талаптар бойынша банктер, «Қазпошта» және басқа да тиісті ұйымдар клиентті онлайн режимде тану үшін кемінде бір немесе бірнеше келесі тәсілді қолдануы қажет:

  • Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
  • Биометриялық сәйкестендіру (бет-әлпет, дауыс және т.б.);
  • Төлем картасының деректері (алдын ала жеке келіп тіркелген жағдайда ғана);
  • Мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру;
  • Немесе клиентпен келісілген бірегей кодтар мен идентификаторлар.

Жаңа талаптар кімге әсер етеді

Бұл талапты Қазақстандағы барлық екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ «Қазпошта» мен қаржы мониторингі субъектілері орындауы тиіс. Бұдан былай, кез келген онлайн қызмет көрсету кезінде (мысалы, шот ашу, деректерді өзгерту, төлем жасау және т.б.), жеке тұлға немесе заңды тұлға өзінің кім екенін сенімді түрде дәлелденуі керек.

Жаңа қаулы Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заңына сай жүргізіліп отыр. Қаулыға сәйкес, клиентпен арадағы видеоконференция жазбалары мен фотосуреттер кем дегенде бес жыл сақталуы тиіс.

Тұрмысы төмен азаматтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендер несие төлеу мерзімін үш айға кейінге шегере алады. Ол үшін табысының 30 пайыздан аса азайғанын құжатпен дәлелдеуге тиіс. Бұл жаңа ереже 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.