Solidcore бұғатталған акцияларын сатып алмақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алтын өндіруші Solidcore Resources plc компаниясы Euroclear жүйесінде бұғатталып қалған акцияларға қатысты мәселені шешуді қолға алды. Компания басшылығы 2025 жылдың 29 шілдесінде өтетін акционерлер жиналысында арнайы тетік қабылдауды ұсынады. Бұл механизм акцияларды айырбастау және кейін оларды мәжбүрлі түрде сатып алуды қарастырады.

Қазіргі кезде Solidcore-дың орналастырылған акцияларының шамамен 8,5%-ы Euroclear жүйесінде бұғатталған. Бұл қағаздардың иелері дауыс беру құқығынан да, дивиденд алу мүмкіндігінен де айырылған. Оған қоса, бұл акциялардың нарықтағы өтімділігі жоқ – яғни оларды сату немесе басқа активке айырбастау мүмкін емес.

Не ұсынылып отыр?

Компанияның жоспарына сәйкес, акционерлерге екі кезеңнен тұратын шешім ұсынылады:

  1. Айырбастау: Бұғатталған акцияларды AIX (Астана халықаралық биржасы) алаңында жаңадан шығарылатын акцияларға 1:1 қатынасында айырбастау. Бұл процесс 2025 жылғы 30 шілдеде басталып, 31 қазанға дейін жалғасады.
  2. Міндетті сатып алу: Айырбасқа қатыспаған акцияларды кейін компания бір акция үшін 2,57 доллармен сатып алынады. Бұл акциялар арнайы траст шоттарға орналастырылады, ал олардың иелері қаражатты тек санкциялар алынған жағдайда немесе тиісті рұқсат құжаттары берілгенде ғана ала алады.

Solidcore бас директоры Виталий Нессистің айтуынша, бұл қадам бұғатталған акциялардың иелерінің құқықтарын қалпына келтіруге, меншік құрылымының ашықтығын арттыруға және реттеуші тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Яғни, компания барлық акционерлер үшін тең мүмкіндік ұсынғысы келеді.

2023 жылы компания Джерси аралынан Қазақстанның Астана халықаралық қаржы орталығына (МФЦА) редомициляция жасады. 2024 жылы Solidcore акциялары AIX пен KASE биржаларында ең өтімді қағаздардың қатарында болды.

Компания акциларының 69%-ға жуығы – жеке және институционалды инвесторларға тиесілі (оның ішінде 4% — әлемдегі ең ірі инвестициялық қор BlackRock еншісінде); 29,7%-ы Оманның Maaden International Investment компаниясына қарайды.

Сондай-ақ оқыңыз