Жаңалықтар

Апта қорытындысы: инвесторлар қорғаныс активіне көшіп жатыр

Криптовалюта туралы заң жобасы АҚШ сенатына өтті / фото: shutterstock
Инвесторлар қорғаныс активіне көшуде/REUTERS/Brendan McDermid

Негізгі көрсеткіштер:

  • Мұнай (Brent) – 70,51 доллар (+5,15%)
  • Алтын – 3 356,6 доллар (+0,89%)
  • Bitcoin – 118 168 доллар (+9,35%)
  • Теңге (USD/KZT) – 524,00 ₸ (−0,84%)

Цифрлық активтер, әсіресе, Bitcoin, осы аптада айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл өсім инвесторлардың қауіпсіздік активтеріне деген сұранысының артқанын және АҚШ-тағы саяси белгісіздіктен қорғану жолдарын іздегенін көрсетеді. Ұлттық валюта долларға бір апта ішінде (-0,84) пайызға  немесе 4,1 теңгеге құнсызданды.

Инфографика: Дэшборд Kursiv.media

Тауар нарығы:

  • Мұнай: 67–69 долларға аралығындағы қолдаудан қайта секіріп, 76–78 доллар бағытына бет алды. Бұл ОПЕК+ шешімінің нарыққа теріс әсер етпегенін көрсетеді. ОПЕК+ тарапынан тамызда өндірісті 548 мың баррельге арттыру шешімі бағаға елеулі әсер етпеді – бұл нарықтың тұрақтылығын көрсетеді.
  • Алтын: Қазіргі сәтте 3 230–3 250 доллар деңгейінен қайта серпіліп, 3 330–3 350 доллар қарсылығына жақындап отыр.

Егер алтын 3 230 доллар деңгейінен төмен түссе, жаз айларында құбылмалылық күшейеді. Бірақ әзірге «жазғы тыныштық» кезеңі басталғандай. Алтын бағасы 3230–3250 доллар қолдау деңгейінен төмен түсе алмай, 3330–3350 доллар кедергісіне қарай серпілуде. Бұл жазғы «боковикке» енудің белгісі. Яғни, 3250–3450 доллар дәлізінде бағалар шілде–тамыз айларында тұрақталады.

АҚШ нарығы:

  • S&P 500 – 6 259,74 (+0,22%)
  • Dow Jones – 44 371,52 (−0,44%)

Апта ортасында S&P 500 индексі 6290 пунктке дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты. Бірақ апта соңына қарай өсім бәсеңдеді. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Бразилия мен Канадаға қатысты сауда соғысының жаңа кезеңін бастауы себеп болды.

 Трамптың ұсыныстары:

  • Бразилияға – 50% импорттық баж салығы
  • Канадаға – 35% баж салығы
  • Мыстың импортына – 50% кеден салығы

Комментарий: Бұл тарифтік шабуылдар жаһандық нарықтарға кері әсер етіп, әсіресе, өндіруші сектор мен технологиялық салаларда белгісіздік туғызды. Кәсіпкерлер үшін мұндай тосын өзгерістер инвестициялық шешімдерге тежегіш болады.

Басқа елдер нарығы:

  • Қытай (Hang Seng) – 24 139,58 (−1,02%)
  • Шанхай – 3 510,17 (−0,91%)
  • Ресей (Мосбиржа) – 2 642,02 (−1,50%)
  • Ұлыбритания (FTSE 100) – 8 941,12 (+1,14%)
  • Қазақстан (KASE) – 6 210,22 (+1,55%)

FTSE 100 мен KASE индексі оң қарқын көрсетсе, Азия нарықтарында кері динамика байқалды. Қытайдағы экономикалық бәсеңдеу үрейі мен геосаяси алаңдаушылық әсер етуде.

Валюта нарығы:

  • USD/KZT апталық бағам:
    Доллар 521,9–524,6 теңге аралығында ауытқыды. Теңге  бағамы да 0,84%-ға төмендеді.

Еуро/доллар жұбы да қысымға ұшырап, 1,1686 деңгейіне түсті. Бұл Еуроаймақтағы экономикалық баяулау мен АҚШ-тағы саясаттың ықпалын көрсетеді. Техникалық тұрғыда 1,1500-ге дейін құлдырау ықтимал.

Қазақстан нарығындағы акциялар:
Аптаның үздік өсім көрсеткен компаниялары:

  • BCC Invest – +6,40%
  • Freedom Holding – +3,01%
  • KZTK (Қазақтелеком) – +2,71%

 Қорытынды:

Цифрлық активтер мен қазақстандық қор нарығы – осы аптаның басты жеңімпаздары. АҚШ-тағы саяси ретсіздік пен тарифтік соғыс аясында жаһандық инвесторлар алтын мен биткойнды паналау активі ретінде қайта қарастырып жатыр.

Келесі аптада назарда болатын факторлар:

  • АҚШ-тағы корпоративтік есеп беру маусымы
  • Инфляция бойынша жаңа деректер
  • ФРЖ-ның келесі қадамына деген сигналдар