Lifestyle

Backstreet Boys концертінің билеттері сатылымға шықты

Backstreet Boys концертіне билеттер сатылымға шықты / фото: ашық дереккөз

Аты аңызға айналған америкалық Backstreet Boys тобы Қазақстанда алғаш рет жеке концертін өткізеді. Астана мен Алматы қалаларында өтетін шоуларға билеттерге сұраныс өте жоғары – қазақстандықтар концертке кіру үшін мыңдаған адам кезекке тұрған.

Астанада – тек Freedom қосымшасы арқылы

21 қыркүейкте Астанада өтетін концертке билеттер Freedom SuperApp қосымшасы арқылы сатылып жатыр. Қазіргі таңда алдын ала сатылым тек Freedom Bank картасы бар қолданушылар үшін ашық. Ал жаппай сатылым 15 шілде күні басталады.

Көпшіліктің бір мезетте сайтқа кіруі техникалық қиындық туғызып отыр. Сатылымға шыққан уақыттан бастап алғашқы 10 минутта кезекте 2 мыңға жуық адам кезекте тұр.

Алматылықтар үшін Kino.kz сайтында

Алматылықтар да топтың шоуын асыға күтіп отыр. Бұл қаладағы концерт билеттері kino.kz сайты арқылы сатылып жатыр. Мұнда да алдын ала сатылым тек Halyk Bank картасы бар көрермендерге ашық. Жаппай сатылым – 15 шілдеде басталады. Алматыда алғашқы 10 минутта 9500 адам кезекте тұр. Оңтүстік астанада концертке сұраныс көбірек екенін байқауға болады.

Backstreet Boys – 90-жылдардың ең танымал бойз-бендтерінің бірі. «I Want It That Way», «As Long As You Love Me» және «Everybody (Backstreet’s Back)» сынды хиттарымен танымал топтың Қазақстанға келуі – отандық фанаттар үшін үлкен жаңалық. Сондықтан билеттер алғашқы күндері-ақ сатылып кетуі әбден мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Backstreet Boys концерттің дресс-кодын жариялаған еді.