Алматы облысында тауда адасып кеткен 10 жасар бала аман-есен табылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматы облысының тауларында адасып кеткен
Алматы облысының тауларында адасып кеткен 110 жасар баланы құтқарушылар тапты / Фото: ТЖМ

Алматы облысының тауларында адасып кеткен 10 жастаға баланы құтқарушылар тауып, ата-анасымен табыстырды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары аяғынан тік тұрып, түні бойы Ақтасты ауылы маңындағы таулы аймақта жоғалған 10 жастағы баланы іздестіріп, аман-есен тапты», – делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың ата-анасы полицияға түн ортасында хабарласып, баланың тауда жоғалып кеткенін, өз күштерімен іздеп таппағанын айтқан. Белгілі болғандай, бала туыстарымен бірге тауға саңырауқұлақ теруге барып, адасып кеткен. Жақындары баланы түн ортасына дейін өздері іздеген. Бірақ нәтиже шықпаған соң, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Хабар түскен бойда Кеген ауданының полицейлері мен құтқарушылары оқиға орнына барып, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кеткен. Іздестіру жұмыстары түнімен жүрген. Түн мезгіліне және жер бедерінің қиындықтарына қарамастан, іздестіру жұмыстары тоқтамаған. Түнімен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасымен қауышқан.

Құтқарушылар мен полиция өкілдерінің ерен еңбегін жоғары бағалаған баланың жақындары, құзырлы орган қызметкерлеріне алғысын жаудырған.

«Ең бастысы – бала аман-сау табылды. Мұндай жағдайда әр минут маңызды, біз әрқашан көмек көрсетуге дайынбыз», – дейді өңір полицейлері.

Айта кетейік, ТЖМ құтқарушылары бірнеше күн қатарынан Алматы тауларында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, жоғалып кеткен  Нұрислам Ақылбековты іздестірген болатын. 2 шілдеден бастап хабарсыз кеткен жігіттің мәйітін құтқарушылар тек 11 шілде күні тапты.

Сондай-ақ оқыңыз