Қостанай облысында жылына 200 млн жұмыртқа шығаратын фабрика іске қосылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
жұмыртқа шығаратын фабрика
Қостанай облысында жылына 200 млн жұмыртқа шығаратын фабрика іске қосылады / Фото: АШМ

Қостанай облысында жылына 200 млн жұмыртқа шығаратын фабрика іске қосылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Құс фабрикасы жылына 200 миллион дана жұмыртқа және 10 мың тонна құрамажем шығарады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Яғни жоба аясында құрамажем шығаратын зауыт та салынады. Жоба инвесторы – «Arkalyk Qus» ЖШС. Компания фабрика салуға 1,2 млрд теңге құюды жоспарлап отыр.

Министрліктің хабарлауынша, құрылыс жұмыстары 2024 жылғы шілде айында басталған. Жоба осы жылдың соңында толық аяқталып, пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге, компания тауық қиынан тыңайтқыш өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық жобаны да бастап кеткен. Жобаға 500 млн теңге көлемінде инвестиция құйылған.

Бұл кешен іске қосылған соң, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыртқа өнімдерінің өндірісін айтарлықтай арта түседі.

Айта кетейік, Түркістан облысында да құны 2,5 млрд теңге болатын құс фабрикасы салынады.

Сондай-ақ оқыңыз