Жаңалықтар

Тоқаев Макронға құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Макронға
Тоқаев Макронға құттықтау жеделхатын жолдады / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күніне орай құттықтау жеделхатын жолдаған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады», – делінген Ақорда хабарламасында.

Перзидент Францияның бүгінгі таңда саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткенін, елдің халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірген.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына осы ел президенті ретінде Эмманюэль Макронның қосқан үлесін ерекше атап өткен.