Жаңалықтар

Қазақстанның түркі туристік кеңістігіндегі рөлі қандай?

Горы Алматы просят обезопасить для туристов-экстремалов
Қазақстан түркі туристік кеңістігіндегі позициясын нығайтып жатыр / Фото: Шымбұлақ тау шаңғы курорты

Қазақстан түркі туристік кеңістігінде өз позицияларын нығайтып жатыр. Әсіресе, тау шаңғысы курорты бойынша атқарылып жатқан шаралар көп.

Мәселен, 2024 жылдың күзінде Ыстанбұлда түркі елдерінің тау шаңғысы курорттары одағын құру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын. Ал осы жылдың 12 шілдесінде одақтың бірінші отырысы Әзербайжанның «Шахдаг» курортында өтті. Оған Әзербайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан тау шаңғысы курорттарының өкілдері қатысқан.

Тау курорттарының ішінде Oi-Qaragai түріктің «Эрджиес» пен «Эджер 3200» және азербайжандық «Туфандаг» курортымен бірге Одақтың жаңа мүшелері қатарына кірді. Кездесуде түркі курорттарын біріктіру арқылы ортақ мәселелерді бірге шешу, тәжірибе алмасу және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланған.

Атап айтқанда, кездесу аясында өткен панельдік сессияларда мынадай мәселелер қамтылған:

  • Түркі елдеріндегі тау курорттарын дамыту: инновациялар мен стратегиялық серіктестік;
  • Түркі мемлекеттеріндегі тау курорттарындағы маусымдық шектеулерді еңсеру және ынтымақтастықты кеңейту;
  • Түркі мемлекеттеріндегі тау курорттарында қысқы спорт түрлерін дамыту: сын-қатерлер мен келешек мүмкіндіктер;
  • Туризм саласындағы білім сапасын, кәсіби дайындықты және жұмыспен қамтуды арттыру.

Айта кетейік, Алматыда тау кластерін дамытуға PGI Management компаниясы көмектеседі. Компания 2029 жылға дейін қаланың таулы аймағына келетін туристерінің санын 2 млн-нан 7,5 млн-ға дейін жеткізуді көздеп отыр.