Банк пен қаржы

Валюта бағамы: доллар 3 теңгеге нығайса, криптонарық капиталы артты

Қазақстанда доллар қымбаттады / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қазақстанда доллардың теңгеге шаққандағы бағамы айтарлықтай өзгермеді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Сейсенбі, 15 шілдеге арналған валюта бағамы анықталды. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, қазір 1 АҚШ доллары 524,24 теңге тұрады. Ұлттық валюта бірден 3,31 теңгеге арзандаса, криптонарық капиталы артып жатыр.

Ұлттық валюта бірден 3 теңгеге әлсіреді

Шілденің басында аздап болса да нығайған теңге өткен аптаның аяғында долларға жол берді. Құрама Штаттар валютасы бүгін бір тәулікте шамамен 3 теңгеге көтерілді. Бір ай бұрын доллар 508 теңгеден саудаланған. Содан бері доллар шамамен 16 теңгеге күшейді.

Kurs.kz сайтының мәліметіншеАлматы қаласындағы ақша айырбастау мекемелерінде бір доллар 523,5 теңгеден қабылданып, 526 теңгеден сатылып жатыр. Астана қаласындағы валюта саудасы – 521 және 527 теңге.

Криптонарық капиталы артты

Дүйсенбі, 14 шілдеде Bitcoin (BTC) 120 мың доллар межені бағындырып, тағы да жаңа рекорд тіркеді. Қазір BTC шамамен 121 857 доллардан саудаланып жатыр. Крипто 3,48%-ға қымбаттады. Түске қарай оның құны 123 мың долларға жақындаған. Айта кетейік, биткоин өткен аптадан бері жаңа межені бағындырып келеді.

Биткоин капиталы – 2 трлн 424 млн доллар. Оның нарықтағы құны да бір аптадан бері айтарлықтай өскенін байқап отырмыз.

Бұған дейін мамандар осы айда биткоин құны көтерілуі мүмкін деп болжаған. Сарапшылардың айтқаны орындалды.

BTC ғана емес, басқа да криптовалюта көтеріліп жатыр. Мәселен, Ethereum (ETH) бағамы шамамен 3,70%-ға өсіп, 3057 доллардан асып түсті. Екі тәулік бұрын ETH шамамен 2 591 доллар тұрған. Содан бері Эфириум 450 долларға көтерілгенін көріп отырмыз. Эфириум капиталы – 369 млрд доллардан асты. Капитал екі тәулікте шамамен 50 млрд долларға өсті.

Binance Coin (BNB) токені 700 долларлық межені бағындырды. Оның құны да бір тәулікте 1,76%-ға арттып. Ол қазір шамамен 702 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 97,8 млрд доллар.