Прокурор Перизат Қайрат Rebel Flowers дүкені арқылы ақша жылыстатты деп санайды

Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша куә ретінде сотталушы иелік ететін Rebel Flowers гүл дүкенінің бұрынғы иесі Лейла Троицкая қатысты. Оған айыптау тарапы дүкеннің ай сайын шамамен қандай көлемде табыс әкелгеніне қатысты сұрақ қойды.
Қорғау тарапы Перизат Қайратқа тағылған ақша жылыстату айыбын жоққа шығаруға тырысты. Адвокат Лейла Троицкаяға сұрақтар қойып, Rebel Flowers дүкенінің табысы мен коммерциялық әлеуетіне назар аударды.
«Rebel Flowers ай сайын орта есеппен 1,5-2 миллион теңге табыс әкелетін. Жылдық табыс шамамен 20 миллион теңге болатын», – деп жауап берді Троицкая.
Алайда мемлекеттік айыптаушы бұл көрсеткіштерге күмән келтіріп, 9 ай ішінде 68 миллион теңге көлемінде табыс алу мүмкін емес екенін айтып, бұл сома ақша жылыстатудың белгісі болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Перизат Қайраттың адвокаты бұл сұрақты Лейла Троицкаяға қойды.
«Барлығы келісімшарттарға байланысты. Перизат Қайраттың түрлі компаниялармен қалай жұмыс істегенін көрдім. Бұл менің жеке пікірім», – деп жауап берді ол.
Айта кетейік, Лейла Троицкая Rebel Flowers гүл дүкенін Перизат Қайратқа 23 миллион теңгеге сатқан.