Жаңалықтар

Үкімет 2026 жылғы бюджетті мұнай бағасы 60 доллар болады деп жоспарлайды

Үкімет 2026 жылғы бюджетті мұнай бағасы 60 доллар болады деп жоспарлайды/Фото: shutterstock

Үкімет 2026 жылғы бюджетті жоспарлағанда базалық сценарийді басшылыққа алады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысынан кейінгі баспасөз жиынында мәлім етті.

Базалық сценарийге сай, доллар курсы 540 теңге, мұнай баррелі 60 доллар деп есептелген.

«Ал писсимистік сценарий болып, мұнай бағасы барреліне 50 долларға дейін түсіп кетсе, өзге механизмдер іске қосылады. бірақ біз базалық сценарий мейлінше реалистік деп санаймыз.», – дейді ол.

Олжас Бектенов доллар бағамы нарықтағы жағдайға байланысты қалыптасатынын атап өтіп, бүгінде теңгенің күрт құнсыздануы күтілмейтінін жеткізді.

Үкімет басшысы сондай-ақ жиын барысында Қазақстан өзіне бөлінген квота көлемінде мұнай өндіре алмай, ОПЕК+ келісімі аясында міндеттемелерін орындай алмай отырғанынын айтқан.