Алаяқтар жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына автонесие рәсімдеген

Бас прокуратура жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты алаяқтық жасаған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеп, жолын кескенін хабарлады.
Тергеу барысында айыптаушылар азаматтарды көндіру арқылы екінші деңгейлі банктерде жоқ автокөліктерге заңсыз автонесиелер рәсімдегені анықталған. Олардың әрекетінен 65 адам зардап шеккен, келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 млн теңгеден асқан.
Алаяқтар алынған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған. Қылмыстық топ әрекетінің салдарынан жәбірленушілер кредиттік міндеттемелер бойынша қарыз болып қалған.
Кінәлі адамдарға қатысты ҚК-нің 262-бабы (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу) және 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынған.
Тергеу нәтижесінде іс сотқа жолданған.
Бұған дейін, алаяқтар терроризммен күрес деген желеумен ақша ұрлаудың тың тәсіліне көшкенін хабарлағанбыз.