Қазақстанда қандай көліктер өте аз сатылатыны белгілі болды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қазақстан өте аз сатылатын көліктер белгілі болды
Қазақстанда қандай көліктер өте аз сатылатыны белгілі болды/Фото: shutterstock

2025 жылы ел автонарығы қарқынды өсіп жатқанына қарамастан, ондаған көлік моделі тұтынушылар назарынан тыс қалып отыр. Тіпті кейбірін бес ай ішінде небәрі бір немесе екі рет қана сатып алған, деп хабарлады Finratings.kz.

Сатылым бәрінде өсіп жатқан жоқ

2025 жылғы алғашқы бес айда Қазақстандағы ресми дилерлер 85 467 жаңа көлік сатқан. Бұл – автонарықтағы сұраныстың тұрақты өсімін дәлелдейді. Алайда жетістік барлық модельдерге бірдей бұйырмаған.

Нарықта ұсынылған 200-ге жуық модельдің 115-інің сатқан көліктерінің саны жүз данаға да жетпеген. Ал 33 көлік сатылымының аздығы сонша, оларды бір қолдың саусағымен-ақ санауға болады.

Сатылмайтын көліктер

Сұранысы төмен көліктер қатарына қымбат, ерекше және моральдық тұрғыда ескірген модельдер кіреді. Мысалы, 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін төмендегідей көліктерден бір дана ғана сатылған:

  • MG Cyberster
  • Audi RSQ8
  • Audi S6
  • Genesis G70SB
  • Alfa Romeo Stelvio
  • Alfa Romeo Giulia
  • Renault Koleos
  • Mercedes-Benz C-Class

Ал мына модельдерден екі дана ғана сатылған:

  • Chevrolet Tahoe
  • Chevrolet Equinox

Бұның себебі – жоғары баға мен қоймадағы тауар қалдықтарының аздығы.

Кейбір көліктер тек қоймада қалған үлгілер ретінде сатылып жатыр. Мысалы:

  • Chevrolet Lacetti – 2 дана
  • Nexia ө 3 дана
  • Hyundai Accent және i30 – әрқайсысы 3 дана

Бұл модельдер өндірістен алынып тасталған яки модельдік қатардан шығарылған.

Сұранысы төмен қытай көліктері, премиум және электромобильдер

Сұранысы төмен модельдер қатарында Қытай брендтері де бар. Мысалы:

  • Bestune T77 – 2 дана
  • BYD Han (электромобиль) – 12 дана
  • MG 6 – 23 дана
  • Exeed RX – 34 дана
  • Changan CS95 – 37 дана
  • Hongqi H5 – 38 дана
  • JAC JS5 – 45 дана
  • Kaiyi E5 – 49 дана
  • MG ZS – 51 дана

Люкс сегментіндегі брендтердің төмен сатылымы таңқаларлық емес. Мысалы:

  • Range Rover Velar – 2 дана
  • Mercedes-Benz GLC Coupe – 6 дана
  • Maserati Grecale – 6 дана
  • BMW XM – 7 дана
  • Porsche Taycan – 13 дана

Бұл модельдер үшін мұндай «жекелей сұраныс» қалыпты жағдай.

Бұған дейін, елдегі такси қызметінде танымал 8 млн теңгеге дейінгі қытай көліктері туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз