Әрбір үшінші жолаушылар бағдарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Әрбір үшінші жолаушылар бағдарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді
Әрбір үшінші жолаушылар бағдарына жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетеді/Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Қазақстанда жолаушылар тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ және 14 жеке теміржол компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке операторлар 30 бағдарға қызмет көрсетеді – бұл жалпы санның 28%-ы, қалғаны (72% немесе 112 бағдар) ҚТЖ-ға тиесілі.

Жеке тасымалдаушылардың қызметін Көлік министрлігі реттеп, сонымен бірге олардың көпшілігін субсидиялайды. ҚТЖ вагондарының орташа жасы – 16 жыл, ал жеке операторларда – 28 жыл.

2030 жылға қарай ҚТЖ жолаушылар паркін толығымен жаңартуды жоспарлап отыр. Жаңғырту бағдарламасы шеңберінде Stadler-ден 557 вагон жеткізу көзделген, оның алғашқы 51 вагоны жыл соңына дейін келіп түседі деп күтілуде. Бұған қосымша ҚТЖ 2025 жылы Петропавлдағы зауытта өндірілген 107 вагон сатып алмақ.

Таяуда Астана – Бурабай курорты және Астана – Қарағанды бағыттарында үш электр пойызы (18 вагон) пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, 2027 жылға дейін жеткізілімі қарастырылған тағы 350 отандық вагонды жеткізуге шарт жасасу жоспарланған.

Бүгінгі таңда ҚТЖ паркінде 2 167 бірлік вагон бар. Олардың 732-сі Talgo вагоны, 1 321-і стандартты вагон және 115-і мотор-вагон құрамы.

Бұған дейін, Алматы – Саратов бағытына жаңа вагондар шыққалы жатқанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз