Қазақстан мен Қытай карбамид шығаратын зауыт салмақ

Қазақстан мен Қытай Ақтөбеде карбамид зауытын салмақ. Құны 1,25 млрд доллар болатын жоба аграрлық сектор мен газ химиясын дамытуды көздейді.
Қытай мен Қазақстан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары аясында Ақтөбе облысында карбамид зауытын салу жөнінде маңызды келісім жасалған. Енді ҚР Энергетика министрлігі, Қытайдың CNPC корпорациясы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және Ақтөбе облысы әкімдігі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша негіздемелік құжатқа қол қойды.
Бұл жоба екі ел арасындағы мұнай-газ химиясы саласындағы ең ірі бірлескен кәсіпорындардың бірі болмақ. Жаңа зауыт «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында, Жаңажол газ өңдеу зауытының жанында бой көтереді.
Кәсіпорын жылына 800 мың тоннаға дейін карбамид (тыңайтқыш) өндіруге қауқарлы. Шикізат ретінде Жаңажол газ өңдеу зауыты базасынан жыл сайын 600 млн м³ көлемінде газ жеткізіледі деп жоспарланып отыр.
Жалпы инвестиция көлемі 1,25 млрд АҚШ долларын құрайды. Зауыт 2029 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. Құрылыстың қызған шағында 3 мың адам, ал зауыт іске қосылғанда 400 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Карбамид – ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыштардың бірі. Жоба отандық агросекторды қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін арттыру және экспорттық әлеуетті кеңейтуге мүмкіндік береді. Биыл тыңайтқыштың сапасын тексеру үшін еліміздің төрт өңірінде агротест өткізілген.
Бұған дейін Қытай кәсіпкрелерінің Алматыға 10 млрд доллар құйып, тетрапакет өңдеу зауытын салатыны хабарланған.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 44 млрд долларға жеткен.