Qazsport көрсетпейді: «Қайрат» – «Олимпия» ойынын қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат» – «Олимпия» ойынын қайдан көруге болады / фото: f.c.kairat

Бүгін, 15 шілде күні, Алматыдағы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтеді: «Қайрат» Словенияның «Олимпия» командасын қабылдайды. Кездесу 20:00-де басталады. Ойынның бас төрешісі – италиялық Маттео Маркетти.

Алайда қазақстандық жанкүйерлер үшін күтпеген жайт орын алды – бұл маңызды матч Qazsport арнасында көрсетілмейді. Себебі «Қайрат» клубы трансляция құқығы үшін арнайы гонорар талап еткен, ал мемлекеттік арналардың бюджеті бұл шығынды өтеуге мүмкіндік бермеген.

Қайдан көруге болады?

Матчтың тікелей көрсетілімі тек «Кинопоиск» платформасында ақылы түрде қолжетімді. Яғни, ойынды көру үшін жазылым рәсімдеу қажет. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде жанкүйерлердің наразылығын тудырып жатыр. Көпшілік «Қайратты» халықтың командасы деп атай отырып, оның ойынын ақша төлеп көруді әділетсіз деп есептейді. Бұдан бөлек Q league арнасынан көруге болады.

Алғашқы матч Словенияда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алматылық командадан жалғыз голды Дастан Сатпаев соқты.

Егер «Қайрат» бұл кезеңнен өтсе, келесі айналымда Финляндияның КуПС және Молдованың «Милсами» клубтары арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз