Алматыда Байтұрсынов көшесіндегі жол учаскесі бірнеше күнге жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ремонтные работы по улице Желтоксан
Байтұрсынов көшесіндегі жол учаскесі бірнеше күнге жабылады / Фото: kursiv.media

Ескі құбыр ауыстыру жұмыстарына байланысты Алматының Байтұрсынов және Бұқар жырау көшелерінің қиылысында жол қозғалысы шектеледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Компания мәліметінше, Алматыда 40 жылдан астам уақыт бұрын салынған жылу желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл учаскедегі құбыр 1983 жылдан бері ауыспаған. Жоспарға сәйкес 1,5 шақырымға жететін жылу трассасы жаңартылады.

«Алдағы жылыту маусымына дайындық кезеңінің ішінде Алматы қаласының Бостандық ауданында жылу желілерін жоспарлы жаңғырту жалғасады. Жұмыс шеңберінде 1983 жылы пайдалануға берілген, жалпы ұзақтығы 1,5 шақырым болатын жылу трассасы ауыстырылады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Байтұрсынов пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысы 2025 жылдың 16 шілдесі күні сағат 23:00 бастап 21 шілде сағат таңғы 7:00 дейін жабылады.

Ал Байтұрсынов бойымен Сәтбаев көшесіне дейін және Масаншы көшелерінде қозғалыс қалпына келтірілген. Яғни жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскені осы көшелер арқылы айналып өтуге болады.

Бұл шектеулер көше учаскенің астынан өтетін құбыржолдарды жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілген. Жылу трассаларында жөндеу жүргізілгенімен осы маңда тұратын тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылмайтыны хабарланған.

Жаңғыртылған жылу трассасы 16 көппәтерлі тұрғын үйді және қоысмша 7 нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

«Жалпы алғанда, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желілерін жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% дейін азайтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлайды «Алматы жылу жүйесі».

Айта кетейікғ жылу трассаларын ауыстыру жұмыстары барысында осыған дейін Алматының екі ауданында жол жабылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз